Мамырдың 22-і 1-сынып оқушылары түлектерге арналған «Қызықты сабақ » өткізді. Сауат ашу, дене шынықтыру, математика,ән-күй сабақтарын 1-сынып бүлдіршіндері жүргізді. Сауат ашу сабағында өз есімдерін көркем жазып,ребустар шешсе, қызықты есептер шығарып, көңіл күйлері көтерілді. Балалық шақ әндерін еске түсіріп орындады. Сабақ үстіндегі қызықты сергіту сәттерінде қимыл қозғалыс жасап биледі. Сонымен қатар 11-сынып оқушыларының портреттерінің суретін салып түрлі-түсті шарлар табыс етті. Ал түлектер әр бүлдіршінге жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Сабақ есте қаларлықтай көңілді өтті.
Каркошева М.Т. тәрбие ісі меңгерушісі
Посмотреть новость на сайте учреждения