Бидайық орта мектебінде мамырдың 19-ы «Жасұлан » күніне орай жасұландықтарға арналған салтанатты жиын және 1-11 сыныптар арасында «Қазына іздеу» ойыны өтті. Жасырылған тәтті қазынаны іздеуге 5-11 сыныптардан 3 топ жасақталып бекітілген ұстаздарымен аттанды. АӘД жетекшісі Мажитов Н.М.әр аялдамаға топтар үшін тапсырмалар ойластырылып салынды.Ұзақ уақыт іздеген «Қазынаны» 6-сынып оқушысы Есдаулетова Гүлмадина тауып алды. Аға тәлімгер Бельгубаева Ә.Х. бастауыш сыныптар үшін «Қазына іздеу» ойынын ұйымдастырып әр сыныпқа тәттілерді бөліп берді. Осы мерекеге арналған алауды жағу мектебіміздің 11-сыныптың үздік оқушысы Мұхат Айзаттың үлесіне тиді. Алау маңында ойындар ойналып, іс-шара оқушы көңілінде мәңгі жатталарлықтай болып өтті.
Каркошева М.Т. тәрбие ісі меңгерушісі
Посмотреть новость на сайте учреждения