География апталығы
Мектепте жоғары санатты география пәнінің мұғалімі Құдайқұлов Жұмабай Ильяшұлының "География қандай ғылым?" атты тақырыпта апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні "География қандай ғылым?" атты баяндама тындалып, талқыланды. Екінші күні, 6 сынып оқушыларымен "Атмосфера" тақырыбында қорытынды сайыс сабақ өтті. "Тропосфера" және "Бриз" командалары арасындағы сайыс өте тартымды өтіп, "Тропосфера" командасы жеңіске жетті. Үшінші күні, 7 сынып оқушыларымен "Материктерге саяхат" тақырыбында сабақ өтті. Сабақ өте қызықты өтті. Төртінші күні, 8 сынып оқушылармен "Отаным, елім, жерім" атты танымдық саяхат сабақ өтті. Оқушылар Қазақстан туралы білімдерін ортаға салды. "Шығыс" тобы бірінші орынды иеленді. Бесінші күні, "Көтерілген тың-достық пен жасампаздықтың белгісі" тақырыбында 9 сыныпта конференция сабағы өтті. Сабақта Өндіріс ауылының еңбек ардагерлерімен қоса тыңгерлері туралы көп мағлұмат айтылып, көрнекіліктер қойылды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Алтыншы күні, ЭКСПО-2017-ге қарсы 10 сынып оқушылары "Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану" тақырыбында рефераттар жазып, оларды қорғады. Каиров Қанат "Күн энергиясын тиімді пайдалану" тақырыбында реферат жазып, оны тек қана қорғап қойған жоқ, ол осы энергия көзін пайдалана отырып жасаған құрылғысын да көрсетіп шықты. Құрылғы үш бөліктен тұрады, бірінші күн батареясы, екінші (двигатель) қозғалтқыш, үшінші жарық беретін шам. Құрылғы өте қатты қызығушылық тудырды. Екінші құрылғысы батареямен қозғалысқа келтірілетін автомобиль макеті. Реферат жоғары баға алды.
Екінші реферат "Жел энергиясына" қатысты болды. Оны Ораз Кенжеболат қорғады. Ол өз сөзінде Қазақстандағы негізгі желдерге тоқталып, желден алынатын энергия тиімділігін аша білді. Әсіресе, Шығыс, Оңтүстік, Батыс Қазақстандағы желдерді пайдалансаң-ол бізге көп көмек әкеледі, экология таза болады, деді.
Соңында "Жас географ" 6-10 сынып оқушыларымен интеллектуалдық шоу-жарыс сабағы өтті. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. "Бәйге", "Полиглот", "География әлемі" кезеңдерінен кейін ең төмен балл алған 6, 7, 10 сынып оқушыларымен қоштасып, екінші кезеңге 8, 9 сынып оқушылары өтті. Бұл кезең "Апатқа ұшырағандарға көмек", яғни картадан координаталарды тауып көмекке келсе, "Шешендік" сайысында екі сынып оқушылары "Аралым-арым", "Балхашым-бағым" тақырыптарын шешендікпен аша білді. Соңғы "Жорға" сайысында 333 ұпаймен 9 сынып оқушылары Кәкен Береке мен Сапарғали Жан І орынды иеленсе, 313 ұпаймен 8 сынып оқушылары Мұрат Алпысбай мен Толеутаев Ернар ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 6 сынып оқушысы Ракишева Дильназ "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша мақтау қағазын алды. Осымен апталық қорытындыланды.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии