«Рухани жаңғыру жастарға бағыт»
«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып,
қанымызға сіңген ,бүгінде тамырымызда бүлкілдеп
жатқан ізге қасиеттерді қайта түлетуіміз керек ».
Н.Ә. Назарбаев.
Жаңа қоғамның дамуындағы тәрбиенің нәтижесі тәрбиелеп отырған тұлғаның өз бойына сенімді іс әрекетке жол берер қасиеттерді дарыта біліп, қажетті дағды- машықтарды меңгерумен қатар, оны өз қажеттілігіне жарата білуінен де көрінеді .
Ұлттық дәстүрге берік, елі мен жерін сүйіп, қастерлейтін, уақыт талабына сәйкес болашақты бағдарлайтын азамат тәрбиелеу – ұстаздар үшін күн тәртібінен түспейтін міндеттердің бірі. Жаңа экономикалық өрлеу кезеніңде тұлға жан – жақты тәрбие беру, ең алдымен , ұлт тағылымын тәрбиеленуші бойына сіңіруден басталады.
Ұлтттық құңдылықтар туралы жиі айтылады. Мектепте ұлт құндылықтары деген ұғым этнографиялық түсініктер, яғни тақырыптық қойылымдар көрсетуымен шектеліп жататыны да бәрімізге аян. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты терминдерді саралап, ойымызды салмақтап, зерделер болсақ, онда пікірімізді 1 кестедегідей таратқанымыз жөн болар.
1 - кесте
Ұлттық құндылықтар |
Ұлттық болмыс |
Ұлттық тағылым- тәрбие |
Ұлттық экономика |
Ұлт өнері мен мәдениеті |
Елдік рух, ұлттық сана, тарих шежіре.т.б. |
Салт, дәстүр, әдет ғұрып, ырым тыйым, т.б |
атакәсіп шаруашылық қолөнер, тұлғалық іскерлік т.б. |
айтыс, ән–күй , ақындық шешендік атбегілік құсбегілік, күрес, т.б. |
Тұлғаның текті де азаматтық болмысын сомдайтын іс –шаралардың туған жердін тынысы мен атамекеннің арда келбетін тануынан басталады. Ешқашан қайталанбайтын ұлттық бірегей қасиеттерді бойға сіңірумен ерекшеленбек . бұл орайда ойымызды жинақтар болсақ мұғалімдерге аса таныс 2 кестетегідей жұмыс бағыттарын жүзеге асырарымыз сөзсіз.
2 - кесте
Тұлға бойында ұлттық болмыс қалыптастыру- оның бала күннен ана сүтімен, ата тәрбиесімен жандүниесіне егілген елдік рух, ұлттық кемел сана баспалдақтары – мүшел жас , табиғатпен қарым –қатынас, тарихпен сырласу , шежіреге тереңдеу , т.б. жұмыс бағыттарынтереңдету. |
||||
Сынып сағаттары |
Әңгіміе сухбаттар |
Кездесулер, дөңгелек үстел. талқылаулары |
Танымдық конференциялар |
Дарынды оқушы ізденістері |
Ұлттық құндылықтармен өрілген сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тағылым тәрбиесі, ұлт тұлғаларының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, нақыл өсиеттері – жас ұрпақ тәрбиесіне арқау болар алтын жылға. Тарихтың қойнауына еніп , елдің шежіресіне айналып, өз ауқымын кеңейтіп отырған құндылық қазыналарын жас ұрпақ еншісіне бере білсек, болашақтың батыл да сенімді ,еркін ойлы тұлғасына бағдар беруде де мүлт кетпейсіміз анық. Ұлт құндылықтарын ұлықтап, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыруда жемісті еңбек нәтижесін көрейік.
Посмотреть новость на сайте учреждения