Уәлиханов аудандық білім бөлімінің 2017 жылға жұмыс жоспары бойынша 2017 жылдың наурыз айының 9- 17-і аралығында аудандық «Педагогикалық шеберлік-2017» сайысы өтті. Біздің мектептен «Жыл мұғалімі» номинациясы бойынша Удовыдчекова Т.В және «Жан жылуым балаларға»номинациясы бойынша Ахметова М.К қатысты.
Байқаудың I кезеңіне аталған ұстаздардың сауалнамалары, эсселері және мектептің ұсыныстары жіберілді.Осы турдың қорытындысы бойынша біздің мектеп педагогтары II кезенге өтті.
II кезеңде мұғалімдер сабақтарын көрсетті. Удовыдченкова Т.В. « Жесткость воды и пути ее устранения » тақырыбында 9 сыныпта; Ахметова М.К. 6-8 сыныпта « 1 марта –День благодарности,милосердия и трудолюбия» атты ашық сынып сағатты. II кезеңнің нәтижесінде Ахметова М.К. III кезеңге финалға жолдама алды. Екі ұстазда « Педагогикалық шеберлік-2017» сайысына қатысқан үшін алғыс хатпен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения