Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

12-мамыр Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады. Бұл шара аясында Чернигов орта мектебінде де сағат 18 30-да жалпымектептік ата –аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа  55 ата-ана қатысты. Күн тәртібінің сұрақтарымен таныстырып, ата-аналар жиналысында мектеп директоры Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқылап, бейнежазба арқылы көрсетілді.Екінші сұрақ бойынша оқу ісінің меңгерушісі ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша, 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі жайлы толық мағлұмат беріп, түлектер кешінің өткізілуі жайлы түсінік беріліп, алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитын ескертті. Үшінші сұрақ бойынша мектептің педагог- психологы Агеева Н.О «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы аясында ақпарат беріп, бейнежазба арқылы толық ақпарат берілді. Қайырымдылық пен демеушілік бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі жыл бойы мектептегі іс-шараларға, мектептің шаруашылық мәселесіне көмек беріп, қол ұшын созған азаматтар мен жеке кәсіп иелеріне алғыс білдірді. Жиналыс соңында ата –аналарға «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жадынамалар таратылды.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь