Әрбір іргелі мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі-оның Қарулы Күштері екені белгілі. Егеменді ел болу нәтижесінде ұлттық Қарулы Күштеріміз жоғары мемлекеттік дәрежеге көшті. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Қарулы күштер күнінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 4-8 мамыр аралығында Чернигов орта мектебінде алғашқы әскери дайындық бағдарламасы аясында бескүндік далалық-оқу жиыны өтті. Жиынға 90 оқушы, 20 ауылшаруашылық колледжінен қатысты. Қарулы Күштердің құрылғанына 25 жыл толуы мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты сап өткізілді. Алғашқы құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Шаймов Ж.Қ мен мектеп директоры Амангельдиева С.С курсанттарды құттықтап, сәттілік тіледі. Мерекелік әндер орындалды.
Посмотреть новость на сайте учреждения