Барлық сыныптарда сынып сағаттар өткізілді. Әр сынып ұлт өкілдері болып киініп, көшеге шеруге шықты. «Бір шаңырақ астында» тақырыбына арналған мерекелік концерт өткізілді.Әр сынып ұлт өкілдері болып киініп,сол ұлттың әнін,биін,дәстүрін көрсетті. 8 сынып кәріс биін билеп, мұғалімдер ұжымы «Ақ көгершін» әнін орындады. Мерекелік концерттен кейін мектеп ауласында асфальтқа «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбына түрлі түсті борлардан сурет салу сайысы өткізілді.Сайыстың қорытындысы бойынша балаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения