Мамырдың 5-і Бидайық орта мектебінде 4-сыныпта «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мұндағы мақсат, бастауыштың түлектерінің төрт жыл бойы жинаған- терген білімдерімен өз өнерлерін көрермендерге көрсете білу. Ертеңгілік барысында ең біріншіден бастауыш вальсінен басталды. Оқушылардың биге деген шеберліктерін өзі өнерлерінен әбден көруге болды. Сынып жетекшісі Шынар Амантаевна оқушыларының әрқайсысына арнап өлең шығарып, «Бастауыш түлектері-2017» деген лентаны тағып отырды.
Пейілі кең, сезімі терең көлден,
Ананы кем көрмеймін кемеңгерден.
Жақсылықты анадан бастаудың да,
Тәжірибесі қазақта дәлелденген-деп әр оқушы өздері шығарған өлең жолдарын мәнерлеп айта білді. Сонымен қатар, Әке- асқар тау демекші өз әкелеріне де арнап өлең жолдарын мәнерлеп айтып берді. Кейін мектептің әкімшілігінен бастап әр пән мұғалімдеріне шығарылған өлең жолдарын арнайы айтып берді. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Алғыс айтып, арнаймын жақсы өлең!-деп әр кезеңнің соңында бір ән мен бір би арнап отырды. Бұл жерде оқушылар өз өнерлерін еркін әрі жоғары деңгейде көрсете білді.Сонымен қатар төрт жыл бойы оқушылардың түрлі қызықты сәттерінен слайд көрсетілді. Соңында әкімшілік және ата-аналар оқушыларға өз құттықтау тілектерін жеткізді. Ата-аналар «Ұстазым» әнін алғыс ретінде айтып өз лебіздерін жеткізе білді. Осындай әр жылда өтетін бастауышпен қоштасу мерекелік ертеңгіліктері оқушыларды да, мұғалімдерді де бір қимастықпен толғандыратыны сөзсіз.
Нургазина Ш.А. сынып жетекшісі
Посмотреть новость на сайте учреждения