"Ғарыш әлеміне саяхат" "Айгөлек" шағын орталығында тану сабағы өтті.
Мырзағұл ауылының Жамбыл орта мектеп жанындағы "Айгөлек" шағын орталығының тәрбиеленушілерімен ғарышкерлер күніне арналып, "Ғарыш деген не?" тақырыбында тану сабағы өтті. ҰОІӘ-н шағын орталықтың тәрбиешісі Әдікен Аякөз Қайырбекқызы өткізді. Сабақ барысында бүлдіршіндермен жарқын жүздерімен, көтеріңкі көңілдерімен шаттық шеңберімен бастады. Сабақты ұйымдастыру кезінде тәрбиеші ғарышкерлердің ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарларытуралы түсінік бере отырып, қазақтың ғарышкерлерімен таныстырды.