Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Ұлыстың ұлы күні ауылымыздың ұйытқысына айналған білім ордасында ,яғни, Жамбыл орта мектебінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында тойланды. Мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары бірлесе отырып ақшалай, сыйлықтай демеушілік жасап тойланған бұл наурыз тойы жылдағыдай әсерлі де қызықты болды.   Тойдың басы мектебімізідің маңына тігілген киіз үйден дәм тату көрінісімен басталды. Қазақтың ұлттық тағамдары қойылған бұл киіз үйге ауылымыздың тұрғындарының барлығы дерлік кіріп шығып, жасалып тұрған дастарханнан дәм татты. Одан әрі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Д.А.Имағанбетов, Р.А.Қанапия және А.Ә.Д. пәнінің мұғалімі М.Е.Құсайынов  жауапкершіліктерімен ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, бағанға шығу, арқан тартыс, қол күрес, бес асық, асық ату.  Арқан тартыс, қол күрес ойындары қыздар арасында да өткізілді. Арқан тартыстан 1-орын «Айгөлек» шағын орталығы, 2-орын Шаруашылық ұжымы 3-орын Мұғалімдер. Ерлер арасында Ахметкалымов Мейрам бастаған топ 1- орынды иеленді. Қазақша күрестен 1-орын Нұржанов Абылай, 2- орын Еркінов Руслан, 3-орын  Қамаш Нұрлан. Қол күрестен 1-орын Құсайынов Мереке, 2-орын Қамаш Нұрлан, 3-орын Ахметжанов Бауыржан. Қыздар арасында 1-орын Кусаинова Әсемгүл, 2-орын Қайыр Гүлсана, 3-орын Ахат Жанаргүл. Бағанға шығудан оқушылар арасынан Ахат Қадырбек пен Әнуарбек Жандос жеңіске жетті.   Наурыз мерекесінің концерттік бағдарламасына жауапты мұғалімдер  А.А.Балташова мен Д.Ө.Билялова дайындаған концерттік бағдарлама жоғары деңгейде, мазмұнды, тәрбиелік мәні зор болды. Бұл күні мектебіміздің оқушыларының қатысуымен қазақ халқының ұмытылып бара жатқан  «Жар-жар айтысы», жаңа заманауи үлгідегі «Сыңсу», «Жарапазан»  дәстүрлері көрсетілді. «Жарапазан» айтылып тұрған кезде көрермендер арасынан ақ жаулықты жеңгелеріміздің бірі орындаушылардың беліне орамал байласа,енді бірі тәтті салған қалта беріп жатты. Бұл да бір ұмытылып бара жатқан дәстүріміздің көрінісі. Мектебіміздің ұстаздарынан құралған қыз бен жігіт, жігіттер, қайын мен жеңге айтысы тамашаланды. Айтысқа 3 жұп қатысты. 1-жұп қыз бен жігіт айтысы мектебіміздің түлегі С.Нұрлан және музыка пәнінің мұғалімі А.С.Ануарбекова. 2- жұп  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.А.Имағанбетов пен Н.Ж.Исин. 3- жұп тарих пәнінің мұғалімі О.Т.Қайыр және бастауыш сынып мұғалімі Л.А.Нұртазина.   А.С.Ануарбекова дайындаған «Әгугай» тобының орындаушылары Ғафура Тайжанова мен Жансая Бекішеваның орындауындағы «Тойға тілек» әні, 6-сынып оқушыларының орындауындағы «Наурыз-Көктем» әні, 10-сынып оқушысы Қайыржан Айнұрдың орындаған «Атамекен» әні, 11- сынып оқушысы Ахат Қадырбектің «Ана»әні,Н.Ж.Исин жетекшілік еткен ансамбльі «Балбырауын» құйқылжытса, Л.А.Нұртазина жетекшілік еткен «Шалқыма» би үйірмесінің жас мұғалімдерден құралған «Қыздар -ай», «Ерке», «Балауса» би топтары мың бұрала би билеп көрермендердің көңілінен шықты. Қыдыр ата елмізіге, жерімізге батасын беріп, алты алаш еліміздің тиыштықта, бірлікте болуын тіледі. Концерттік бағдарламадан кейін ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, ата-аналар, оқушылар барша жұрт дастарханға жайғасып, ет жеп, наурыз көже  ішті.  Тойымыздың соңында ұлттық ойындар жеңімпаздары, айтысқа қатысқан ұстаздар марапаттау қағаздарымен, ақшалай, сыйлықтай марапатталды. Мерекенің қортындысында мектебіміздің директоры Қ.М.Адыкенов Наурыз тойын тойлауға демеушілік жасаған ел тұрғындарына, мектептің ішін – сыртын безендіруге ат салысқан ұстаздарға, шаруашылық қызметкерлеріне, ет пісіріп, дәмді көже әзірлеген ата- аналар комитеті мүшелеріне ұжым атынан алғысын білдірді.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь