Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жылғы 12 сәуір күнгі санында жарияланған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын ұжыммен бірге оқып, таныстық. ХХІ ғасыр-жаһандану заманы

             Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жылғы 12 сәуір күнгі санында жарияланған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын ұжыммен бірге оқып, таныстық.
ХХІ ғасыр-жаһандану заманы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы терең мазмұнға ие құнды еңбек деп санаймыз. Біз мұғалім болғандықтан, ең алдымен, жас ұрпақтың тәлім- тәрбиесі мен білім саласын жаңғыртуға бағытталған бастамаларға зер саламыз.                                                          ХХІ ғасыр – жаһандану заманы. Шет тілін білу, компьютерлік сауаттылық жас ұрпақтың ертеңі үшін ауадай қажет. Сондықтан білімді, сана сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелеу- ол ұлттық құндылықтардан айырмай, заман талабымен ілесе отырып оқыту.    Ұлттық сананы қалыптастыру үшін алға қойылған міндеттердің ішінен  «Туған жер» бағдарламасы арқылы туған жерге деген патриоттық сезім еселене түсері сөзсіз.Сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы білімді жастардың санасын арта түсеріне сенімдіміз. Осылайша, гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулық әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік берілетін болады. Қазақстанның адал ниетті, бейбітсүйгіш, бақытын еңбек пен білімнен тапқандардың Отаны ретінде болашағы жарқын боларына сенеміз.
 
 Икенов Бауыржан
Қаратал негізгі мектебінің мұғалімі

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь