8 «А» сыныпта алгебра пәнінен «Квадрат теңсіздіктерді шығару» атты ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Квадрат теңсіздіктерге анықтама беру,квадрат теңсіздіктерді шешу әдіс-тәсілдерін меңгеру,шешімін табу дағдыларын есептер шығаруда пайдалану.Жұмыс барысында ой-тұжырым жасау.
Міндеттері: 1) оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға,еркін сөйлей білуге,өз ойын еркін жеткізе білуге,ортақ шешім шығаруға баулу.
2) танымдық белсенділіктерін арттыру,алған білімін тәжірибеде қолданып,нәтижесін қорытындылай алу,болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
3)оқушыларды еңбекке, шапшаңдыққа,төзімділікке,ұйымшылдылыққа тәрбиелеу.Сабақта қолданылған технология мен модульдер: АКТ,диалогтық оқыту,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқытудағы басқару және көшбасшылық,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,қазақ әдебиеті,тарих,дене шынықтыру.
Әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлері: проблемалық оқыту,жұптық жұмыс,Блум таксономиясы,Де Боно қалпақтары,бағалау,миға шабуыл ,ой –қозғау,ой-толғау тапсырмалары,рефлексия.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кім шілде айында туылған» атты тренинг арқылы бастау алды.Сабақ барысында оқушылар деңгейлік тапсырмалар,өз бетінше жұмыс,іздену ,ойын еркін және тапсырмаларды шапшаң орындауға арналған жұмыстар жүргізілді.
Сабақ соңында оқушыларды бағалап,рефлексия жасап,Де Боно қалпақтары арқылы қорытынды жасалды.Өзімнің қойған мақсатым мен міндеттеріме жеттім деп ойлаймын.
Болашақта да әртүрлі деңгейдегі,жаңа үлгідегі сабақтарды өткіземін.
Пән мұғалімі:Добиянова Нургуль Муратбековна
Посмотреть новость на сайте учреждения