Жас ұрпағымыздың қазақ ұлтына тән имандылық, ибалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке тәрбиелеу мақстында 5-10 сынып аралығында сайыс түрінде «Көңілді кеш» іс-шарасы өтті. Мектеп жасындағы жас жеткіншектерді халықтық педагогика бағытына тәрбиелей отырып, ұлттық сананы, халықтық қадір-қасиетімізді ерекше сезінуге баулу. Сайыс бағдарламасы төрт кезеннен құрылды. 1-ші байқауда «Өнерің болса, канекей!» ән айту. 2-ші байқауда «Білер болсаң –тауып көр!» сұрақ-жауап. 3-ші байқауда 5-10 сыныптар « Әзіл-ысқақ» тамашада көрініс көрсетті. Әр кезенің арасында мектептің аға тәлімгері Белгубаева Әсел Хамидуловна әртүрлі көптеген қызықты ойындар өткізді « Би қимылдарын қайталау», « Жұптар», «Өзіне қарату» , т.б. 4-ші байқауда «Жағдаят шешу. Соңында әділқазылар өз шешімдерін ортаға салып пікірлерін айтты, әр жұпты номинация бойынша марапаттады.
І орынға ие болған 10 сынып оқушылары Асылбек Мадияр, Казбекова Алема.
ІІ орынға ие болған 9 сынып оқушылары Ибраева Толқын ,Мусин Арлан
ІІІ орынға ие болған 5 сынып оқушылары Амангелді Гүлнұр, Қамаш Елхан
және 8 сынып оқушылары Әбілқайыр Әнел ,Султоналин Батырбек.
Кітапханашы Омарова Г.Б.
Посмотреть новость на сайте учреждения