4-сыныпта ер бала мен қыз бала тәрбиесіне байланысты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты оқушылар арасында пікір сайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдей алатын, ойларын еркін, анық айтуға, сыйластық қарым-қатынас тәрбиесін ұлғайту болды. Мұнда сұрақтар қою арқылы оқушының ойын анықтап алып, бағыт бағдар беріліп отырылды. Қазақтың тыйым сөздері мен ұлағат сөздеріне тоқталдық. Онда мағынасын аша отырып, өмірдегі мәнін айтуға тырысты. Ұлдар мен қыздарға арналған түрлі жағдаяттарды, оның орнында сен болсаң не істер едің дегендей оқушылар пікірлерін ортаға сала білді. Адамның жақсы-жаман қасиеттеріне де тоқталдық. Мұнда нағыз адамға тән қасиеттерді атап, оқушылардың қолдарынан да келетініне көздерін жеткізендей жүргізілді. Соңында мектеп ішінде қыздар мен ұлдар тәрбиесіне де тоқталдық. Қорытындылай келе жалпы жас бала ертең-ақ есейіп, тәрбиелі де саналы азамат болатындары жайлы әңгіме жүргізіп, мұның бәрі қазірден басталарына көз жеткіздік.
Сынып жетекшісі Нургазина Ш.А.
Посмотреть новость на сайте учреждения