22-наурыз күні Наурыз мейрамы аудан орталығында тойланып өткізілді.
Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы, жұмыспен қамту орталығы және мансап орталығымен бірігіп №5 киіз үйде ауданымыздың қонақтарын күтті. 30 адам арнайы шақырумен келсе, қалған қонақтар мерекелік іс-шараның көрермендері. Қонақтар астан, ұлттық тағамдардан, көжеден дәм татып, мектебіміздің ұстаздары дайындаған күй мен әндерді тамашалады.
Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын!!!
Әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!