Кішкенекөл ауылының нөмірі 17 өрт бөлімі” ұйымдастыруымен ашық есік күні
13 наурыз күні “Солтүстік -Қазақстан облысы, төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ-нің Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының нөмірі 17 өрт бөлімі” ұйымдастыруымен ашық есік күні болды. Осы іс-шараға мектептің 6 “ә” сынып оқушылары мен кәсіби бағдар беруші З.Г. Шарипова қатысты. Мақсаты: оқушыларға осы өрт сөндірушілер мамандығының өмірімен таныстыра отыру, олардың жұмысымен іс-жүзінде көруге де мүмкіндік алу. Оқушылар өрт сөндіру бөлімін аралап, жұмыс орнымен танысты, техникаға отырып, өрт сөндіру каскаларын киіп көрді. Өз өмірлерін басқа адамдарды құтқару жолында ерлік пен батылдық танытып жүрген азаматтардың күнделікті тұрмыс-жағдайларын көргенде өз таңданыстарын жасыра алмады. Өз кезегінде оқушылар өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді.