“Аудандық қорғаныс істер бөлімі” КММ -нің басшысы Айтмуханбетов Жангельды Ахатұлының қатысуымен өткен кездесу
Наурыздың 5 күні кәсіби бағдар аясында мектебіміздің АӘД ұстазы Ахметжанов Р.С. , кәсіби бағдар беруші Шарипова З.Г
ұйымдастыруымен “Аудандық қорғаныс істер бөлімі” КММ -нің басшысы Айтмуханбетов Жангельды Ахатұлының қатысуымен кездесу болды. Кездесу мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен жүргізілді. Осы орайда оқушыларға әскери өмірдің тәртібі, ереже-қағидалары айтылып, болашақта еліміздің іргесі мықты болу үшін біздің азаматтарымыз да өз үлесін қосу керек мүмкіндігі де сөз етілді. Бүгінгі таңда еліміздің қарулы күштерінің қатарына қосылып жатқан оқушылардың саны артуда, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр.Соның ішінде аса назар аударатын жайт, әскери борышын өтеп келген азаматтың, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі қарастырылған.
Сөз соңында қорғаныс істер бөлімінің басшысы Айтмуханбетов Ж.А. түлектерімізге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.