Кәсіби бағдар аясында 8 қаңтар күні мектептің 2023 жылғы түлектерімен кездесу өтті . Кездесу 11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Түлектер студенттік кезеңдер мен университеттің өмірі туралы ақпаратпен бөлісті. Алдағы ҰБТ-де сәттілік тілеп, алға қойған мақсатқа жетуде үлкен еңбекпен, төзімділіктің маңыздылығы туралы да сөз етілді. Түлектеріміз еліміздің шетел мемлекетінде оқып жатқандарын да сөзге тиек етті, өзге мемлекетте сол елдің тілінде білім алуда. Соның бірі Аяганова Мерей, Түркия мемлекетінде оқиды. Сөз соңында біз де түлектерімізге ақ жол тіледік.