ЕЛІМІЗДІҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ – ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМДІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. БҰЛ ЖОЛДА ӨРКЕНИЕТТІҢ ӨРІНЕ ШЫҒАРАТЫН АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚТЫҢ МЕКТЕП ЕКЕНІ АНЫҚ. Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында қазіргі таңда 325 оқушы білім алуда. Мектепте Оқушылардың бекітілген білім бағдарламасына сәйкес білім алуы үшін жүйелі жұмыстар жасалуда.
— Мектептегі пән кабинеттерінің жабдықталуы оқушылардың пәнді терең меңгеруіне үлкен үлес қосады. ЖАБДЫҚТАЛҒАН МЕКТЕП ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ АШАДЫ
Биылғы оқу жылының басында мектебіміз модификациялық кабинеттермен жабдықталған .Сондай-ақ әр пәннің ерекшелігіне қарай жаңа парталар мен орындықтар алынды. Айталық, зертханалық бөлмелерде физика, химия сабақтарына қажетті құрылғылары мен лабораториялық құралдары бар. Бұл кабинеттердің тағы бір ерекшелігі, соңғы үлгідегі сенсорлы теледидармен қамтылған. Мұғалімдер де сабақ барысында ғаламтор желісін еркін пайдаланып, қажетті мәліметтерді тез тауып, сабақтарын жеңіл жүргізе алады. Сабақ беру процесі едәуір жеңілдеді
пән кабинеттері жабдықталғалы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, белсене қатысуда. Кадр мәселесінде де ешқандай қиындық жоқ. Аудандық олимпиадаға қатысқан оқушылар физика, химия пәндерінен мақтау қағаздар алып, мектептің мерейін көтеріп жүр мектептің, оқу кабинеттеріне бірнеше дана шкаф, 20-25 парта қойылған. Сонымен қатар кітапхана мен асхана жаңа жиһаздармен толыққан.
Қазіргі таңда 320 оқушы оқитын Кішкенекөл қазақ мектеп гимназиясының техникалық базасы 2022-2023 2023-2024- оқу жылы толықтай жаңартудан өткен
. Физика пәнінен әрбір оқушы өз бетінше физикалық тәжірибелер мен зертханалықпрактикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік алады. Оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға жағдай жасалды. Сынып бөлмесіне ақпараттандыру тақтасы ілінді. Ал химия кабинеті ережеге сәйкес 2 бөлмемен жабдықталып, химиялық ыдыстармен, реактивтермен, оқу құралдармен қамтылды. Сонымен бірге дидактикалық материалдар сақталатын лаборанттар бөлмесі де бар
.
ТҮЙІН
МЕКТЕПТЕ БЕРІЛЕТІН БІЛІМНІҢ ҒЫЛЫММЕН ҰШТАСАТЫНЫ АҚИҚАТ. ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША БІЛІМ АЛҒАН БҮГІНГІ ОҚУШЫНЫҢ БОЛАШАҚ ҒАЛЫМ БОЛУЫ ДА БЕК МҮМКІН. АЛ, ТАЛАПҚА САЙ ЖАБДЫҚТАЛҒАН ПӘН КАБИНЕТТЕРІ ОСЫ МАҚСАТҚА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕСІН ҚОСАРЫ СӨЗСІЗ.