" Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдаларды дамыту" атты аудандық семинар-практикум
Уәлиханов АББ жоспарына сәйкес аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Ж.Е.Уажанованың ұйымдастыруымен Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында 15 қараша күні " Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдаларды дамыту" атты аудандық семинар-практикум өтті. Семинарды ән-күй мұғалімі Б.С. Кошеновтің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларынан құралған музыкалық оркестр әсем күймен ашты. Кейін мектеп психологі З.Ғ. Шарипова ұстаздармен тренингтер өткізіп, семинарға қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Семинарға ауданның әдістемелік кабинетінің әдіскері Р. Д. Беймбетова және аудан мен ауыл мектептерінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинарды Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Т. Мусина сабақта тілдік қағдылардың маңызына тоқталып, мектеп интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі С. Ш. Рыскельдинге сөз берді .Өз кезегінде баяндамашы цифрлық технология дамыған заманда айтылым дағдысының өзектілігін атап, сабақ барысында оны шешудің бірнеше жолын ұсынды. «Тыңдай білу де –өнер» демекші, Б.С. Мухамеджанова тыңдалым дағдыларының маңыздылығын, тәрбиелік мәні зор мәтіндерді тыңдата отырып, практикалық тапсырмалар орындатты. Өз кезегінде сөз алған А.Т. Темербаева оқылым стратегиларына теориялық тұрғыдан шолу жасап, іс жүзінде жаңаша әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасты. А.Т.Мусина бүгінгі таңда жазылым дағдыларын дамытуда эссе жазудың қыр-сырына тоқталып, нақты бағыттары мен талаптарын ұсынып, қажетті ақпаратпен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерін айтып, оң бағаларын берді.