1-қыркүйек - «Білім күніне» орай мектепішілік салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж.К.Жантлеуова және Білім бөлімінің әдіскер меңгерушісі Талант Қабылқақұлы қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры М.Ж.Балтабаев оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа табыс пен талап тілеп, жылы лебізін білдірді. Алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиынан кейін сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында мұғалімдер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтар туралы сөз қозғады.