Жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажетті еңбек дағдыларын беру және бірінші жұмыс орнында бейімдеу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер (оның ішінде жоғары оқу орындарының түлектері), жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде NEET санатындағы, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар қатарындағы жұмыссыз адамдар үшін жүзеге асырылады.
Жұмыс іздеп жүрген түлектерді «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру кәсіптік білімі туралы дипломда көрсетілген немесе Білім бейіні бойынша жақын мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы
Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыз адамдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектері үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша зейнетақы жасына жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау