Бүгін мектеп жанындағы лагерьдегі күн Абай облысындағы өртте қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аза тұтумен басталды. Президент Қ.Ж. Тоқаев бұл күнді жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Балаларға табиғи апаттар туралы, табиғаттағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың және қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығы туралы фильм көрсетілді. Тәртіп пен табиғатымыз бен өміріміздің қауіпсіздігін үнемі күзетіп жүргендер туралы, арнайы қызмет қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен ерлігі туралы дәріс оқытылып, бейнероликтер көрсетілді. Балалар өз қолдауларын, сүйіспеншіліктерін суреттерімен білдірді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз біргеміз.