“Күншуақ” мектеп жанындағы лагерьдің төртінші күні «Ертегілер – біздің жақсы достарымыз!» ұранымен ертегілер мен кітаптарға арналды. Жасақта өткізілген іс-шаралардың мақсаты: балалардың халық шығармашылығын оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, ертегі жанры туралы білімдерін кеңейту, олардың бойындағы қабілеттерін танытуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру. Балалар тағылымды ертегілер мен мультфильмдерді тамашалады. Содан кейін мектеп кітапханасына экскурсияға барды. Оларды мейірімді кітапханашы Омарова Гүлбахыт Бекманқызы қарсы алды. Ол балаларға кітап оқуға, білімді бекітуге, сондай-ақ кітапты күту қаншалықты маңызды екенін айтты және үйге алып, оқуға болатынын айтты. Балалар кітапты ынтамен оқып, бұл күнді пайдалы өткізді!