Отбасы күніне арналған “Отбасы - бақыт мекені” атты апталық аясында Бралин Абзал Сабыржанұлы ”Толағай” атты отбасылық сайысын өткізді. Сайысқа Кажатовтар отбасы, Мусапировтар отбасы, Молдыбаевтар отбасы, Дүйсенбаевтар отбасы, Қалдыбаевтар отбасы қатысты. Сайыстың тапсырмалары әртүрлі қызықты форматта өтті. Қызу сайыста бас жүлдеге Молдыбаевтар отбасы ие болды. 1-орынға Дүйсенбаевтар отбасы, 2-орынға Мусапировтар отбасы, 3-орынға Қалдыбаевтар мен Кажатовтар отбасы ие болды. Қатысушылар мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды.