5-қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
5-қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Алаш ардақтысы 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлт зиялысының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, жалғасы туған өлкесінде жалғасуы тиіс болатын. Алайда тіл реформаторының мерейтойы қарсаңында туған өлкесінде тұтанған оттың бірнеше күнге ұласуына байланысты шаралар кейінге шегерілді.
Алайда әр білім ордалары мен мектептерде барынша тіл реформаторы Ахмет Байтұрсыновты тану, шығармашылығы мен салып кеткен сара жолын білу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін мектебімізде тіл апталығының ашылу салтанаты өтті