Қаратал негізгі мектебі» КММ жанындағы қамқоршылық қеңес отырсының хаттамасы
№2
10.06.21ж
Қатысқандар: 10 адам
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібі:
Бірінші сұрақ бойынша сөз сөйледі Алтын Кусаиынқызы-кеңестің төрағасы. Атқарылған және атқаратын жұмыстары туралы мәліметтерімен таныстырды. Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мектептің өміріне белсене қатысады. Көптеген іс-шараларға үлесін қосқаны: мектептің материалдық базасын жаңартуға, оқушылардың интеллектуалдық,спорттық іс-шараларға катысуы, мектеп ауласын көгаландыруға, мектепке түскен қаражатты орынды жұмсауға,есеп беруде,оқушылардың мектептегі тегін тамақтануға. Бұл жұмыс үнемі жалғасын табады. Мектептің 1969 ж, 1986жылы туылған түлектерінің көмегімен мектебімізге 255 000 тенгеге мұғалімдер бөлмесіне диван және «Нұр» шағын орталығына ойыншықтар, 100 000 тенге сынып тақтасы, 80 000 тенге мұғалім үстелі орындығымен, глобус сыйға тартты. Осындай іс-шараларға белсенді қатысып, үнемі мектеп жағдайын ойлап, оқушылардың білім мен тәрбиесін жақсартуға жағдай жасауға үлкен үлесі бар деп аяқтады камқоршылық қеңес торайымы.
Екінші сұрақ бойынша ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2017 жылғы 13 желтоқсанда №619 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мекемелерініңбасшыларын конкурстық негізінде «Қаратал негізгі мектебі »коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының атқарушы Бекжигитова Ляззат Кабыкеновна директорлық қызметке бекітуде мектеп жанында құрылған қамқоршылық кеңестің ұсынысы қажет екенін айтты. Мектеп директорының міндетін атқарушысы Бекжигитова Ляззат Кабыкеновна мектептің 5 жылға арналған даму бағдарламасымен таныстырып шықты. Кандидат педагогикалық ұжымда директордың тәрбие іс-жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, оқу –тәрбие үрдесінде нәтижелі көрсеткіштер болды.
Екінші сұрақ бойынша қамқоршылық қеңестің шешімі Л.К.Бекжигитованы Қаратал негізгі мектебінің директор лауазымына толық қолдайтындарын білдірді.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері: Капышева А.К.
Шаймаганбетов К.Ш.
Сматаев А.Х.
Аренов К.С.
Байзрахманова С.Б.
Шапауова М.К.
Кабдуалиева Б.С.
Турымтаева С.Ф.
Хатшы: Хаскеева Г.Х.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау