1-маусым 1950 жылдан бастап - Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау, әрдайым жылы алақанда ұстау деген сөз.
Мектебімізде балалар күнімен қатар келген мектеп жанындағы "Күншуақ" сауықтыру лагері де ашылып, балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру мақсатында ойын түрлері ұйымдастырылды.