5 сәуір Халықаралық интернет күніне орай 5-19 сәуір аралығында өткізілетін "Қауіпсіз интернет" ақпараттық науқанының Чернигов орта мектебінде іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді.Осыған орай мектеп кітапханашысы Сейтхалиева А.Қ "Интернет - бір күндік, кітап мәңгілік " тақырыбында көрме ұйымдастырды. Акциямыздың негізгі мақсаты: Оқушылар арасында кітапты, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың құндылығын насихаттау.