"Латын әліпбиіне көшу - тіл реформасының бір сатысы"
Латын әліпбиі – Рухани жаңғыру бастауы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу заман талабы деді. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі латын әліпбиіне көшу. Осы орайда Чернигов орта мектебінің тіл мамандары "Латын әліпбиіне көшу - тіл реформасының бір сатысы" онлайн жүздесу өткізілді. Мақсаты:Өскелең ұрпақтың Қазақстан Тәуелсіздігінің тың өзгерістерін қолданып алда болуға тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған бейнематериалдар көру және талдау.