"Ауылдың өркендеуі- Қазақстанның өркендеуі" ертеңгілік
Тәуелсіздіктің 30жылдық мерейтойына арналған аудандық жылдық жоспар аясында 4 ақпан күні Чернигов орта мектебі жанындағы "Балбөбек" шағын орталығында тәрбиеші Павлючек Зәуреш Тілеулесқызының ұйымдастыруымен "Ауылдың өркендеуі- Қазақстанның өркендеуі" тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында балалар ауылдың тарихы жайлы ақпарат алып, шығармашылық жұмыс орындады. Ертеңгіліктің мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға өзінің туған жеріне, ауылына сүйіспеншілік туғызу.Балалардың туған өлкесі туралы білімдерін кеңейту.