"Балбөбек" шағын орталығында "Алтын күз" ертеңгілігі
Қазан айының 15-і күні "Балбөбек" шағын орталығында "Алтын күз" ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті: тақпақтар айтып,би билеп,ән шырқап, тапсырмалар орындап, ойындар ойнады. Ертеңгілік соңында "Шалқан" ертегісін сахналады. Өткізілген ертеңгілік бейнежазбаға жазылып, ата аналар чатына таратылды.