Коронавирус туралы әр адам білуге тиіс негізгі мәлімет


Мен өзімді қалай қорғай аламын?
-Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз:
-Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз. Не үшін? Егер қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді.
-Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 мерт ара-қашықтықты сақтаңыз. GOVID-2019 респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін:
-Қолдарыңызбен көздеріңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз.
Жаңа коронавирус респираторлы вирус болып табылады.
-Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы болса,бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз.
Сонымен қатар сізде респираторлы жұқпаның белгілері (жөтел немесе мұрыннан су ағу) болса, айқын емес белгілердің аясында коронавирустық жұқпаға күдік туындаса немесе коронавирустық жұқпамен науқастанған адамды қарасаңыз, міндетті түрде масканы қолдау қажет. Егер науқас GOVID-2019 жұқпасының жағдайлары тіркелген аймағына барып келсе, респираторлы жұқпаның белгілері бар адаммен тығыз қарым-қатынаста болса, онда коронавирус жұқпаға күдіктеген дұрыс.
GOVID-2019 вирусының заттардың бетінде өмір сүру ұзақтығы бірнеше сағат болуы мүмкін . Вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады. Қазіргі таңда жаңа коронавирусқа қарсы арнайы дәрілік заттар жасау жұмыстары жүргізіліп отыр және олар алдағы уақытта клиникалық сынақтардан өтеді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер