Конкурсты ұйымдастырушының Білім беру ұйымдарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
1) қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмақтар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдері мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды;фритюрде куырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, куырылған жұмыртқаны;
қүрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған)тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда)
фастөфудтар: гамбургерлер, ход-догтар, читсілер,кептірілген нан, қытырлақнанды;
ашщы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді )бұрыш,ақшылкер, қыша)дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
пастерленбеген сүтті, термиялық өнделмеген сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүтөнімдерін;
тіл, жүректіқоспағанда өнімді мал мен құстын субөнімдерін;
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
сойылған өнімді мал мен құстын қайта мұздатылған өнімдерін;
генетиалық тұрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілгенкөздер бар шикізаттарды;
йодталмаған тұзды және құраманда темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаган) жоғарғы және бірінші сұрыпта бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамына міндетті түрде медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, объекті басшысының бұйрығымен айқындалады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының | Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________________
2018 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________
2018 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________
2018 жылғы "____" __________
| Қазақстан Республикасы |
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуетті өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру - білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;
3) интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
4) конкурсқа қатысуға өтінім - конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
5) конкурстық комиссия - конкурс өткізу үшін конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
6) конкурстық құжаттама - әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):
орта білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, білім беру органы орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда немесе "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастырған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
9) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
10) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;
13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
14) әлеуметті өнім берушінің біліктілік талаптары - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;
15) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
16) өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға;
17) тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
18) тауарларды сатып алу - тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы;
19) тиімді тамақтандыру - тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам;
20) шарт - тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.
2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі
1 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілдері
1) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу;
2) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарларды сатып алу;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу арқылы мектеп асханасына жоқ жабдықтарды сатып алу және/немесе тозған жабдықтарды жаңа энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.
2 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру рәсімі
1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
2) әлеуетті өнім берушілерді конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;
3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;
4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау;
5) комиссияның көрсетілетін қызметті немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;
6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.
Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және өтінімді қамтамасыз етуді енгізу, шартты орындау талап етілмейді.
Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған білім беруді басқару органының интернет-ресурсында жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.
Конкурстық комиссия құрамына келісім бойынша мектептердің қамқоршылық кеңесі, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырып отырған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері енгізіледі.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия мүшелерінің бірі орындайды.
Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;
2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын;
Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау бойынша техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса беріледі;
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;
4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарының тізбені;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.
Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;
2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін:
жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;
3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
4) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болған жағдайда конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес, өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;
Қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні тандау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса береді;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.
Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып ресімделеді.
хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.
Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.
Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру туралы хаттама комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша қызмет көрсету нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.
Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда қызметті әлеуетті қызмет беруші шарттың жалпы сомасынан үш пайыздан кем емес мөлшерде шартты жүзеге асыруға қамтамасыз етуді енгізбейді.
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.
Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.
1) ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;
3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.
Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттары бойынша конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды.
Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.
Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады.
3 - параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі
Өтінім қабылданбаған жағдайда конкурс осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібіне сәйкес өткізіледі.
Осы шешім қабылданған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін өнім берушіге сұрау жібереді.
3-параграф. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібі
3-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу рәсімі
1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
2) конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

5) комиссияның көрсетілетін қызмет берушілерге немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

Конкурсты ұйымдастырушы немесе тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымның басшысы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, кабинет нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

3) Сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям, выданной не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками;;
4) оригинал документа, подтверждающего обеспечение заявки на участие в конкурсе в виде банковской гарантии или гарантийного денежного взноса в случае наличия обучающихся, имеющих право на бесплатное питание;
5) техническое задание к конкурсной документации по выбору поставщика согласно приложению 3 к типовой конкурсной документации;
6) Сведения о квалификации работников потенциального поставщика по форме согласно Приложению 6 к типовой конкурсной документации.
92.заявка на участие и соответствующие документы представляются потенциальным поставщиком организатору конкурса в прошитом, пронумерованном виде без исправлений. Последний лист заявки подписывается первым руководителем и скрепляется печатью.
В случае, если конкурс разделен по лотам, потенциальный поставщик представляет документы на участие в конкурсе отдельно на каждый лот.
93.потенциальный поставщик вносит на банковский счет Организатора конкурса обеспечение конкурсной заявки в размере не менее одного процента от суммы, выделенной на конкурс в виде банковской гарантии или гарантийного денежного взноса.
94.секретарь конкурсной комиссии принимает конверты с конкурсной документацией потенциального поставщика и вносит в журнал регистрации заявок сведения о потенциальном поставщике, представившем заявку на участие в конкурсе.
Журнал регистрации заявок на участие в конкурсе оформляется с учетом внесения сведений о регистрации аналогичной заявки в журнал регистрации лиц, получивших копии конкурсной документации в соответствии с пунктом 18 настоящих Правил, или дате и времени отказа в регистрации с указанием причины.
95.по истечении срока, установленного организатором конкурса, представленные документы не подлежат регистрации и возвращаются потенциальным поставщикам.
96.вскрытие конвертов с документами потенциальных поставщиков проводится конкурсной комиссией в день и время окончания приема документов, указанных в объявлении.
97.председатель конкурсной комиссии информирует участников о составе конкурсной комиссии, количестве потенциальных поставщиков, представивших в установленные сроки документы на участие в конкурсе, и осуществляет вскрытие конвертов потенциальных поставщиков.
Вскрытию подлежат конверты с заявками на участие в конкурсе, представленные в сроки, установленные в объявлении организатора конкурса.
98.протокол вскрытия конвертов оформляется по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам, подписывается и полистно парафируется председателем, членами конкурсной комиссии, в случае отсутствия у организатора конкурса или организатора конкурса своего интернет-ресурса, размещается на интернет-ресурсе органа управления образованием и (или) в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории соответствующей административно-территориальной единицы.

Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарларды жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.

Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды.
Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурс ұйымдастырушысына қайтарады.
Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 118, 119, 120, 121-тармақтарын ұқсас жүзеге асырылады.
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
| Бекітемін: |
Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары
Тапсырыс берушінің БСН-і __________________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) __________________________________
Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) ______________________________________
Жылы ____________________________________________________________________
№ | Сатып алу мәнінің түрі | Сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың мемлекеттік тілдегі атауы | Сатып алынатын қызметтердің немесе тауарлардың орыс тіліндегі атауы | Көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың, мемлекеттік тілдегі сипаттамасы (сипаты) | Көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың орыс тіліндегі сипаттамасы (сипаты) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға, теңге | Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге | Қызметтерді көрсету немесе тауарды жеткізу мерзімі | Қызметтерді көрсету немесе тауарды жеткізудің орны | Аванстық төлемнің мөлшері, % |
| |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| |
| Орта білім беру ұйымдарында | |||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
нысан
Жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
_____________________________________________________________________
(конкурс атауын көрсету)
Конкурсты ұйымдастырушы _________________________________________________ (тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті (оқушыларды тиімді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалы мәзір қоса беріле отырып) немесе тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмалары;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес таңдау өлшемшарттарын;
6) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтиды.
1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін);
2) банктік кепілдік.
Қағидалардың 22 (90)-тармағына сәйкес құжаттар пакетін әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі ________ мерзімге дейін конкурсты ұйымдастырушының ____________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы және мекенжайын көрсету) мекенжайында орналасқан пошталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына (кабинет №___) қолма-қол береді.
Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.
Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі
________________________________________________________________ бойынша конкурс
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)
№ | Конкурсты ұйымдастырушының атауы | Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны | Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар | Қызметті көрсету мерзімдері | Қызметті көрсету орны | Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күні
Басшының қолы ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)
М.О.
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Сатып алынатын тауарлардың тізбесі
__________________________________________________ сатып алу бойынша конкурс
(толық атауын көрсету)
Лот | Тапсырыс берушінің атауы | Тауарлардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|
| (Тауарлардың сипаттамалары техникалық тапсырмада көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың қысқаша атауы және әрбір ұстаным бойынша техникалық тапсырманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі) |
|
|
кестенің жалғасы
Жеткізу шарттары | Тауарларды жеткізу мерзімі | Тауарларды жеткізу орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі.
Конкурсты ұйымдастырушы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________ | Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы |
| |
| Орта білім беру ұйымдарында | ||
|
|
|
|
Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету. Осы техникалық тапсырмада _____ (орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.
_____ білім алушыға (санын көрсету), оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен _____ теңге сомасында (сомасын көрсету), оның ішінде ҚҚС (ҚҚС сомасын санмен және жазумен көрсету)/ ҚҚС қоспағанда _____ білім алушыға (санын көрсету) тамақтандыру ұсынылады.
______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер жас ерекшелігі бойынша тағамдық заттар мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.
Білім алушыларды тамақтандыру ____________ (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Өнім беруші білім беру ұйымының Санитариялық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді.
Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.
_______________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.
__________ (басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______ (уақытын және үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _______ (уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.
Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бекітеді.
Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.
Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.
Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.
Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.
Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (шикі өнімдердің, дайын тамақтың бракераж журналдарын, ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналдарын, тамақты витаминдеуді жүргізу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету) атап көрсету).
Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.
Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді.
Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:
1) 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;
2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.
Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі.
Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.
Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:
1) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;

Конкурсты ұйымдастырушының (конкурстық
құжаттаманы бекіту кезінде) немесе
қызметтерді немесе тауарларды әлеуетті өнім
беруші (конкурсқа қатысу үшін конкурстық
өтінішті ұсыну кезінде) қолы_______________________________

Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)
Кімге ___________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен _________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары |
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы |
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
Заңды тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма |
|
Заңды тұлғаның басшысында және (немесе) аталған заңды тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма |
|
Заңды тұлғаның резиденттігі |
|
2.________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен _____________________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада
көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес
________________________________________________________________________________
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3.________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4.________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық
комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және
______________________________ көрсетілетін қызметтердің (қажетін көрсету керек)
өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де
шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
(заңды тұлғаның толық атауы)
жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың
жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
Күні Басшының қолы _______________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің лауазымын көрсету)
М.О.
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)

Кімнен__________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген) |
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы |
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі |
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы |
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда) |
|
Жеке тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма |
|
Жеке тұлғада және (немесе) аталған жеке тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма |
|
Жеке тұлғаның резиденттігі |
|
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші
ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен
шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім
білдіреді.
(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің
құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс
емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар
етілгендігін растайды.

(әлеуетті өнім берушінің атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін
құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті
қабылдайды.
6.________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз
етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер
де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса
көрсетіледі).

Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін __________________________________
(атауын, әлеуетті өнім берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)
әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының
көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог және _____ басқа
қызметкерлерді құрайды:
Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білімі (арнайы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары) және мамандығы (диплом №) | Білімі (қысқа мерзімді курстар) және біліктілігі (куәлік №) | Атқаратын жұмысы | Мамандығы бойынша еңбек өтілі | Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер | Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
бұған дейін қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызмет көлемі
Көрсетiлген қызметтердiң атауы | Тапсырыс берушiлердiң атауы | Қызметтерді көрсету орны және жылы |
1 | 2 | 3 |
мәліметтерді көрсетеді.
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

(шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған кезде), теңгемен

Тауардың атауы | Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері | Тауарды жеткізу орны және күні | Шарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қарауы бойынша) |
1 | 2 | 3 | 4 |
тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет.

Барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.
Қолы_________________________

Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттар | Балдар | ||
1 | Қызмет нарығында жұмыс тәжірибесі (10 балдан артық емес) | Қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі - әр жылға 0,5 балдан | Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі - әр жылға 1 балдан | |
2. | Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуы | Жоқ | Бар | |
3. | Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар болуы | Жоқ | Бар | |
4. | Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды) | Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл) | Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл) | Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл) |
5. | Технологтың (қоғамдық тамақтану саласында), диетологтың болуы (2 балдан аспайды) | Жоқ | Бір маман ғана бар | Бар |
6. | Технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушісінің болуы (қоғамдық тамақтану саласында), (1 балдан аспайды) | Жоқ | Бар | |
7. | Конкурс ұйымдастырушысының техникалық тапсырмаға тіркеген перспективтік ас мәзіріне Санитариялық қағидаларға сәйкес шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің болуы | 10-нан кем ас атауы | 10-нан 30-ға дейін ас атауы | 30-дан 50-ге дейін ас атауы |
8. | 100% қызметкерде жұмысқа рұқсаты бар болуы (1 балдан аспайды) | Бір қызметкерде жоқ | Барлық қызметкерде бар | |
9. | Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (3 балдан аспайды) | 85-тен 90 %-ға өнімдер | 90-нан 100%-ға дейін өнімдер | |
10. | Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды) | Жоқ | Бар | |
11. | Тамақты дайындаудың технологиялық картасының болуы (1 балдан аспайды) | Қолданылмайды | Қолданылады | |
12. | Ұсынылатын қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ететін тағамдарды дайындау кезінде жеке қуат үнемдеуші жабдықтарды пайдалану (2 балдан аспайды) | Жоқ | Ішінара | Толық көлемде бар |
13. | Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша аспазшылардың біліктілігін көтеру туралы сертификаттың болуы (1 балдан аспайды) | Жоқ | Бар | |
14. | Өндірістік бақылау жоспарының болуы (1 балдан аспайды) | Жоқ | Бар | |
15. | Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (3 балдан аспайды) | Жоқ | Бар | |
16. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы | Жоқ | Тіркелген |
Ескертпе: 1-тармақ бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4-тармақта әр маманға балдар қойылады, 10-тармақ бойынша балдарды қою үшін алдағы жылы өндірілген азық-түлікті алуға жасасқан шарттар туралы мәліметтер қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)
| Орта білім беру ұйымдарында |
Тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттар | Балдар | |
1. | Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесі | Әр жылға 1 балдан, бірақ 10 балдан аспайды | |
2. | Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуы | Жоқ | Бар |
3. | Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) бар болуы | Жоқ | Бар |
4. | Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар болуы | Жоқ | Бар |
5. | Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (3 балдан аспайды) | 85-90%-ға дейін өнімдер | 90-ден 100%-ға дейін өнімдер |
6. | Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды) | Жоқ | Бар |
7. | Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (3 балдан аспайды) | Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы | Жеке көлігінің болуы |
8. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы | Жоқ | Бар |
Ескерту: 1-тармақ бойынша тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдерді сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады.
| Орта білім беру ұйымдарында |
Үлгілік шарт
______________________ "___" ____________ _______ ж.
(өткізілетін орын)
___________________________ бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету) _____________ (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________, (жеткізушінің толық атауы - конкурстың жеңімпазы) бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын, ___________, екінші тараптан_____ _ _ _ _ _ _ негізінде әрекет ететін (жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, жарғы және басқалар) басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама негізінде "___"____20___ жылы қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1) "Дүлей күш (форс-мажор)" - төтенше және тойтаруға болмайтын оқиғалар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Мундай оқиғаларға атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;
2) "Көрсетілетін қызмет" - өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну;
3) "Тапсырыс беруші" - орган немесе орта білім беру ұйымы;
4) "Тауар" - орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар;
5) "Өнім беруші" - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға;
6) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
7) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді.
Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса, жауапкершілік артпайды.
1) осы Шарт;
2) техникалық тапсырма;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)
(шот-фактура немесе қабылдау-табыстау актiсi)
1) егер Жеткізуші Шартта көзделген мерзімдерде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде қызметтің бір бөлігін көрсетпесе немесе тауардың бір бөлігін ұсынбаса немесе барлық қызметті немесе барлық тауарды ұсынбаса;
2) егер Жеткізуші Шарт бойынша өзінің қандай да бір міндеттемелерін орындамаса, оның ішінде конкурс кезінде көрсетілген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы сәйкес келмеген кезде осы Шартты бұзады.
Білім беру ұйымдарында тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар жоқ болған жағдайда әлеуетті өнім беруші шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
Шартқа өзгерістер енгізуге мынадай жағдайда рұқсат беріледі:
1) тапсырыс берушінің мәзірді жақсартуы (тамақтану рацион ұлғайту) және өнім берушіні таңдауға негіз болған сапа өзгермейтін жағдайда және басқа да жағдайларда тараптардың өзара келісімі бойынша тиісінше соманы көбейту;
2) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар санының өзгеруі.
Осы шартқа енгізілетін басқа да өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамаларына, Өнім берушінің конкурстық құжаттамасына және конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Тапсырыс беруші ______________________________ | Өнім беруші ____________________________ |
______________________________ | ______________________________ |
_________________________________ | _________________________________ |
________________________________ | ________________________________ |
_______________________________ | _______________________________ |
"___"_____________________ ____ж. | "___"_____________________ ____ж. |
Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________.
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы
№ | Конкурсты өткізудің атауы | Конкурсты өткізу мерзімі | Әлеуетті өнім берушінің немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ЖСН/БСН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Жеке басты куәландыратын құжат нөмірі (кім берді және берілген күні) | Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер | Орналасқан жері және байланыс телефондары | Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты және күні |
|
6 | 7 | 8 | 9 |
|
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Конкурс туралы хабарландыру

(конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,
сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын
балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты көрсетілетін қызметтерді немесе
тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

(сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың атауы)
Қызмет: __________________________________________________________________
(қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының
толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі) көрсетілуі тиіс.
Қызметті көрсету мерзімі ____________________________________________________
Немесе:
Тауар _____________________________________________________________________
(тауарларды жеткізудің орны, сатып алынатын тауарлардың тізбесі, тауарларды сатып
алуға бөлінген сома көрсетіледі)
Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі _________________.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім
берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын __________ жылғы
"___" ___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: _______,
бөлме № __ сағат ____-дан ____-ге дейін және/немесе __________________________________
интернет-ресурсынан алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім
берушілер _______________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек) мына мекенжай бойынша
_______________________________________ жібереді.
(толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек)
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі (уақыты мен күнін көрсету керек) дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер _______ (уақыты мен күні көрсетілсін)
мына мекенжай бойынша ___________________ (толық мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен
күні көрсетілсін) ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:
________________________ (телефон нөмірін көрсету керек).
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Конверттерді ашу хаттамасы Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
______________________ _____________________
(өткізілетін орын) (уақыты мен күні)
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді: (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы).
Мынадай әлеуетті өнім берушілердің _______________________
конкурсқа қатысуға өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі) __________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.
(ашылмау себебі көрсетілсін)
Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:_____________________________
(конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты) ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған __________________________________
(конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде жарияланған басқа ақпарат) қамтиды.
Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда):
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдары.
| Орта білім беру ұйымдарында |
нысан
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама

(білім беру ұйымының атауы)
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақКонкурсты ұйымдастырушының Білім беру ұйымдарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

| Орта білім беру ұйымдарында Конкурсты ұйымдастырушының Білім беру ұйымдарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
1) қатық, сүзбе, айранды; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтер, форшмақтар, сілікпелер, паштеттерді; кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдері мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье); морстар, квастарды;фритюрде куырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, куырылған жұмыртқаны; қүрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; саңырауқұлақтарды; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған)тамақ өнімдерін; тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды; газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда) фастөфудтар: гамбургерлер, ход-догтар, читсілер,кептірілген нан, қытырлақнанды; ашщы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді )бұрыш,ақшылкер, қыша)дайындауға және өткізуге; 2) мыналарды: пастерленбеген сүтті, термиялық өнделмеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүтөнімдерін; тіл, жүректіқоспағанда өнімді мал мен құстын субөнімдерін; механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін; құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты; сойылған өнімді мал мен құстын қайта мұздатылған өнімдерін; генетиалық тұрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілгенкөздер бар шикізаттарды; йодталмаған тұзды және құраманда темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаган) жоғарғы және бірінші сұрыпта бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамына міндетті түрде медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, объекті басшысының бұйрығымен айқындалады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); 2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ____________________ 2018 жылғы "____" __________ "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________________ 2018 жылғы "____" __________ "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ 2018 жылғы "____" __________
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуетті өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум); 2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру - білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау; 3) интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс; 4) конкурсқа қатысуға өтінім - конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар; 5) конкурстық комиссия - конкурс өткізу үшін конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган; 6) конкурстық құжаттама - әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар; 7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені; 8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші): орта білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, білім беру органы орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда немесе "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастырған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы; 9) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер; 10) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы; 11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны; 12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм; 13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар; 14) әлеуметті өнім берушінің біліктілік талаптары - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі; 15) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы; 16) өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға; 17) тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер; 18) тауарларды сатып алу - тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы; 19) тиімді тамақтандыру - тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам; 20) шарт - тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт. 2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі 1 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілдері
1) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу; 2) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарларды сатып алу; 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу арқылы мектеп асханасына жоқ жабдықтарды сатып алу және/немесе тозған жабдықтарды жаңа энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру қажет болған жағдайда жүзеге асырылады. 2 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру рәсімі
1) конкурстық құжаттаманы бекіту; 2) әлеуетті өнім берушілерді конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету; 3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту; 4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау; 5) комиссияның көрсетілетін қызметті немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы; 6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.

1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін; 2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын; Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау бойынша техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса беріледі; 3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді; 4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарының тізбені; 6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.
Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім; 2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар: заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі; заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі; жеке тұлғалар үшін: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат; 3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер; 4) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болған жағдайда конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы; 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес, өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма; Қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні тандау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса береді; 6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.
Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып ресімделеді.
хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.
Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.
Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру туралы хаттама комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша қызмет көрсету нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.
Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда қызметті әлеуетті қызмет беруші шарттың жалпы сомасынан үш пайыздан кем емес мөлшерде шартты жүзеге асыруға қамтамасыз етуді енгізбейді.
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған; 2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.
Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.
1) ұсынылған өтінімдер болмаған; 2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген; 3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.
Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттары бойынша конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды. Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.
Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады. 3 - параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі
Өтінім қабылданбаған жағдайда конкурс осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібіне сәйкес өткізіледі.
Осы шешім қабылданған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін өнім берушіге сұрау жібереді.
3-параграф. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібі
3-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу рәсімі
1) конкурстық құжаттаманы бекіту; 2) конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету; 3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту; 4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау; 5) комиссияның көрсетілетін қызмет берушілерге немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы; 6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.

1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін; 2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын; 3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді; 4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын; 6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.
Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, кабинет нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім; 2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар: заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі; заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі; жеке тұлғалар үшін: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат; 3) Сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям, выданной не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками;; 4) оригинал документа, подтверждающего обеспечение заявки на участие в конкурсе в виде банковской гарантии или гарантийного денежного взноса в случае наличия обучающихся, имеющих право на бесплатное питание; 5) техническое задание к конкурсной документации по выбору поставщика согласно приложению 3 к типовой конкурсной документации; 6) Сведения о квалификации работников потенциального поставщика по форме согласно Приложению 6 к типовой конкурсной документации. 92.заявка на участие и соответствующие документы представляются потенциальным поставщиком организатору конкурса в прошитом, пронумерованном виде без исправлений. Последний лист заявки подписывается первым руководителем и скрепляется печатью. В случае, если конкурс разделен по лотам, потенциальный поставщик представляет документы на участие в конкурсе отдельно на каждый лот. 93.потенциальный поставщик вносит на банковский счет Организатора конкурса обеспечение конкурсной заявки в размере не менее одного процента от суммы, выделенной на конкурс в виде банковской гарантии или гарантийного денежного взноса. 94.секретарь конкурсной комиссии принимает конверты с конкурсной документацией потенциального поставщика и вносит в журнал регистрации заявок сведения о потенциальном поставщике, представившем заявку на участие в конкурсе. Журнал регистрации заявок на участие в конкурсе оформляется с учетом внесения сведений о регистрации аналогичной заявки в журнал регистрации лиц, получивших копии конкурсной документации в соответствии с пунктом 18 настоящих Правил, или дате и времени отказа в регистрации с указанием причины. 95.по истечении срока, установленного организатором конкурса, представленные документы не подлежат регистрации и возвращаются потенциальным поставщикам. 96.вскрытие конвертов с документами потенциальных поставщиков проводится конкурсной комиссией в день и время окончания приема документов, указанных в объявлении. 97.председатель конкурсной комиссии информирует участников о составе конкурсной комиссии, количестве потенциальных поставщиков, представивших в установленные сроки документы на участие в конкурсе, и осуществляет вскрытие конвертов потенциальных поставщиков. Вскрытию подлежат конверты с заявками на участие в конкурсе, представленные в сроки, установленные в объявлении организатора конкурса. 98.протокол вскрытия конвертов оформляется по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам, подписывается и полистно парафируется председателем, членами конкурсной комиссии, в случае отсутствия у организатора конкурса или организатора конкурса своего интернет-ресурса, размещается на интернет-ресурсе органа управления образованием и (или) в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории соответствующей административно-территориальной единицы.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған; 2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарларды жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.
1) ұсынылған өтінімдер болмаған; 2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген; 3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.
Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды. Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурс ұйымдастырушысына қайтарады.
Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 118, 119, 120, 121-тармақтарын ұқсас жүзеге асырылады.
нысан
Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары Тапсырыс берушінің БСН-і __________________________________________________ Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) __________________________________ Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) ______________________________________ Жылы ____________________________________________________________________
кестенің жалғасы
нысан Жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама _____________________________________________________________________ (конкурс атауын көрсету) Конкурсты ұйымдастырушы _________________________________________________ (тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін; 2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті (оқушыларды тиімді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалы мәзір қоса беріле отырып) немесе тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмалары; 3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді; 4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес таңдау өлшемшарттарын; 6) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтиды.
1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін); 2) банктік кепілдік. Қағидалардың 22 (90)-тармағына сәйкес құжаттар пакетін әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі ________ мерзімге дейін конкурсты ұйымдастырушының ____________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы және мекенжайын көрсету) мекенжайында орналасқан пошталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына (кабинет №___) қолма-қол береді. Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі. Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
нысан Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі ________________________________________________________________ бойынша конкурс (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)
Күні Басшының қолы ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету) М.О.
нысан Сатып алынатын тауарлардың тізбесі __________________________________________________ сатып алу бойынша конкурс (толық атауын көрсету)
кестенің жалғасы
* Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі.
Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету. Осы техникалық тапсырмада _____ (орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі. _____ білім алушыға (санын көрсету), оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен _____ теңге сомасында (сомасын көрсету), оның ішінде ҚҚС (ҚҚС сомасын санмен және жазумен көрсету)/ ҚҚС қоспағанда _____ білім алушыға (санын көрсету) тамақтандыру ұсынылады. ______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер жас ерекшелігі бойынша тағамдық заттар мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларды тамақтандыру ____________ (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді. Өнім беруші білім беру ұйымының Санитариялық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді. Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс. _______________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады. __________ (басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______ (уақытын және үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _______ (уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады. Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады. Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бекітеді. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі. Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады. Көрсетілетін қызметті беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді. Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі. Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді. Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (шикі өнімдердің, дайын тамақтың бракераж журналдарын, ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналдарын, тамақты витаминдеуді жүргізу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету) атап көрсету). Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар. Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді. Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алады. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер: 1) 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса; 2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса; 3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса; 4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды. Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі. Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс. Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады. Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер: 1) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса; 2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса; 3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса; 4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды. Күні Конкурсты ұйымдастырушының (конкурстық құжаттаманы бекіту кезінде) немесе қызметтерді немесе тауарларды әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінішті ұсыну кезінде) қолы_______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету) М.О.
нысан Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін) Кімге ___________________________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы) Кімнен _________________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2.________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) осы өтініммен _____________________________________________________________ (конкурстың толық атауы) конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ________________________________________________________________________________ (қажетін көрсету керек) қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді. 3.________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды. 4.________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ______________________________ көрсетілетін қызметтердің (қажетін көрсету керек) өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
(заңды тұлғаның толық атауы) жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
Күні Басшының қолы _______________________________________________________ (тегін, атын, әкесінің лауазымын көрсету) М.О.
нысан Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін) Кімге ___________________________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы) Кімнен__________________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі) осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
(әлеуетті өнім берушінің атауы) осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
(әлеуетті өнім берушінің атауы) конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. ________________________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
6.________________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
Күні Басшының қолы _______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету) М.О.
нысан Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін __________________________________ (атауын, әлеуетті өнім берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар. Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог және _____ басқа қызметкерлерді құрайды:
________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста (әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету) бұған дейін қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызмет көлемі
мәліметтерді көрсетеді. Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын. Күні Басшының қолы ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету) М.О. Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
________________________________________________________________________________
(шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған кезде), теңгемен ________________________________________________________________________________
тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет. ________________________________________________________________________________ Барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын. Қолы_________________________ Күні Басшының қолы ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету) М.О.
Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары
Ескертпе: 1-тармақ бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4-тармақта әр маманға балдар қойылады, 10-тармақ бойынша балдарды қою үшін алдағы жылы өндірілген азық-түлікті алуға жасасқан шарттар туралы мәліметтер қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)
Тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары
Ескерту: 1-тармақ бойынша тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдерді сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады.
Үлгілік шарт ______________________ "___" ____________ _______ ж. (өткізілетін орын) ___________________________ бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету) _____________ (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________, (жеткізушінің толық атауы - конкурстың жеңімпазы) бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын, ___________, екінші тараптан_____ _ _ _ _ _ _ негізінде әрекет ететін (жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, жарғы және басқалар) басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама негізінде "___"____20___ жылы қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1) "Дүлей күш (форс-мажор)" - төтенше және тойтаруға болмайтын оқиғалар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Мундай оқиғаларға атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды; 2) "Көрсетілетін қызмет" - өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну; 3) "Тапсырыс беруші" - орган немесе орта білім беру ұйымы; 4) "Тауар" - орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар; 5) "Өнім беруші" - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға; 6) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт; 7) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса, жауапкершілік артпайды.
1) осы Шарт; 2) техникалық тапсырма; 3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)
(шот-фактура немесе қабылдау-табыстау актiсi)
1) егер Жеткізуші Шартта көзделген мерзімдерде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде қызметтің бір бөлігін көрсетпесе немесе тауардың бір бөлігін ұсынбаса немесе барлық қызметті немесе барлық тауарды ұсынбаса; 2) егер Жеткізуші Шарт бойынша өзінің қандай да бір міндеттемелерін орындамаса, оның ішінде конкурс кезінде көрсетілген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы сәйкес келмеген кезде осы Шартты бұзады.
Білім беру ұйымдарында тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар жоқ болған жағдайда әлеуетті өнім беруші шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
Шартқа өзгерістер енгізуге мынадай жағдайда рұқсат беріледі: 1) тапсырыс берушінің мәзірді жақсартуы (тамақтану рацион ұлғайту) және өнім берушіні таңдауға негіз болған сапа өзгермейтін жағдайда және басқа да жағдайларда тараптардың өзара келісімі бойынша тиісінше соманы көбейту; 2) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар санының өзгеруі. Осы шартқа енгізілетін басқа да өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамаларына, Өнім берушінің конкурстық құжаттамасына және конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________.
нысан Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы
кестенің жалғасы
нысан Конкурс туралы хабарландыру ________________________________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды ________________________________________________________________________________ (сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің немесе тауарлардың атауы) Қызмет: __________________________________________________________________ (қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі) көрсетілуі тиіс. Қызметті көрсету мерзімі ____________________________________________________ Немесе: Тауар _____________________________________________________________________ (тауарларды жеткізудің орны, сатып алынатын тауарлардың тізбесі, тауарларды сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі) Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі _________________. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі. Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын __________ жылғы "___" ___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: _______, бөлме № __ сағат ____-дан ____-ге дейін және/немесе __________________________________ интернет-ресурсынан алуға болады. Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер _______________________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек) мына мекенжай бойынша _______________________________________ жібереді. (толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек) Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі (уақыты мен күнін көрсету керек) дейін. Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер _______ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ___________________ (толық мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен күні көрсетілсін) ашылады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: ________________________ (телефон нөмірін көрсету керек).
нысан Конверттерді ашу хаттамасы Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
______________________ _____________________ (өткізілетін орын) (уақыты мен күні) Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді: (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы). Мынадай әлеуетті өнім берушілердің _______________________ конкурсқа қатысуға өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі) __________________________ негізінде ашылмай қайтарылды. (ашылмау себебі көрсетілсін) Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:_____________________________ (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты) ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған __________________________________ (конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде жарияланған басқа ақпарат) қамтиды. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда): __________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы) Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдары.
нысан Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ______________________ _____________________ (өткізілетін орын) (уақыты мен күні) ________________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жә Конкурсты ұйымдастырушының Білім беру ұйымдарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

нысан Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ______________________ _____________________ (өткізілетін орын) (уақыты мен күні) ________________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақне білім алатын балаларды тамақмне білім алатын балаларды |
нысан
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама
______________________ _____________________
(өткізілетін орын) (уақыты мен күні)
________________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақЖаңалықты мекеменің сайтында қарау