Мектепте «Бала құқығы- адам құқығы» апталығы қарашаның 11нен 15 не дейін осы аралықта жоспарланған іс шаралар өткізілді.Бірінші күні әлеуметтік педагог Нурышева Б.С. ашылуын өткізіп, мектеп психологы Байбатыр А. оқушылардың тұлғасын дамытуға арналған тренингі қостады. Екінші күні бастауыш сыныптар арасында «Балалар үшін бірге» атты суреттер көрмесін сынып жетекшілері ұйымдастырды. Үшінші күні «Балалар арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымыз» 5-7 сыныптар оқушылары арасында Нурышева Б.С. дөңгелек үстел өткізді.Төртінші күні 1-4сыныптар арасында мектеп психологы Байбатыр А. Кохтың «Ағаш» проективті әдістемесін ұйымдастырды.Бесінші күні барлық сыныптарда «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» сынып жетекшілерімен сынып сағаттары болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау