Қарашілік негізгі мектебі «Мейірімді жүрек» атты іс-шара бойынша есеп
Мектепте жылдағы дәстүр бойынша Қамқоршылар күніне орай «Мейірімді жүрек» атты мерекелік концертті әлеуметтік ұстаз Нурышева Б.С. өткізді. Концерт «Ата-аналарға арналады» видеороликтен басталды. 2-4сыныптың орындауында бимен жалғасты. Мектеп психологы Байбатыр Алтынгүл анамен балалар арасында қызықты сұрақтар қойып треннинг өткізді, «Жүрекке табар жол» атты ойыны өте қызықты болды. Содан кейін концерт 5-7 сыныптың орындауында «Көзімнің қарасы» атты өлең айтылды. 8 сыныптың қыздарының өлеңі да таңғарлық болды. Концерт соңында мектеп директоры Кусаинова К.Ж. сөз сөйлеп, балалармен ұстаздарға ризашылығын білдірді. Концерт «Ана туралы аңыз» видеоролигімен аяқталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау