Мектеп бойынша «Адалдық сағаты» бастауыш сыныптарда және жоғары сыныптарда бөлек өткізілді. Бастауыш сыныптарда жауапты мұғалім Умурзакова А.С. «Адалдық – адамдылық белгісі» атты сынып сағатында оқушылар арасында жағымды ахуал орнатып жемістер арқылы топқа бөлді, «Елемастің адамгершілігі» ертегісінде кейіпкердің жағдайын қарастырып, дұрыс қадамды таңдауға көмектесті,топта кластер құрастырды.
Жоғары сыныптарда жауапты мұғалім Байбатыр А. Оқушылар арасында «Сағат бойынша достар» тренингін өткізіп, адам бойындағы адалдықты көрсететін қасиеттеріне байланысты кластер құрастыруға ұсынды. Соңында Абай сөздерімен аяқтады: «Адамның бойындағы 3қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,ыстық жүрек».
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау