Озерный ОМ 25 қазан күні "Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы" атты бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Сынып сағатқа 36 оқушы, 7 сынып жетекшілер, әлеуметтік ұстаз, психолог және тәрбие ісінің меңгерушісі қатысты. Сынып сағат ойын сабағы, әңгімелесу түрінде өтті. Мектебіміздің кітапханашымыз кітап көрмесін жасады, және де дене шынықтыру мұғалімі спорттық іс шара өткізді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау