Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

ЕНТ-2019: Министрдің қатысуымен болған баспасөз мәслихаты

Министр Асхат Аймағамбетов талапкерлерге сәттілік тілеп, ҰТБ тапсыру барысында тек өз күшіне сену керек екенін айтты.

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, басшы алдағы ҰТБ жайлы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

✅ Министр талапкерлерге сәттілік тіледі. «ҰБТ – маңызды сынақ. Он бір жылдық білімнің сыналар тұсы. Ең бастысы қатты уайымдамаңыздар. Сіздер бұған дейін тест тапсырғансыздар, мектепте білім алдыңыздар. Тест алдында жақсылап ұйқыны қандырып, сынақ тапсырарда ойды басқаға бұрып, қобалжуды басу керек», – деді ол талапкерлерге.

✅ Сондай-ақ министр телефон алып кіру мен дұрыс жауап көшіру керісінше баланы алаңдататынын, ол алып кірген дүниелерді қалай пайдалануды ойлап мазасы қашып, уақыт жоғалтып алатынын айтты.

✅ «Адам тек өз күшіне сену керек. Өз басымнан да өткен. Бағдарлама бойынша дайындалу керек. Тестті сол күйінше жаттау – білім болмайды. Мен сіздерге сенем», – деді министр.

✅ Асхат Қанатұлы ата-аналарды балаға сенуді, өз уайымын балаға сездіріп, дегбірін қашырмай, керісінше ҰТБ-ны жақсы тапсыратынына сенім білдіріп, арқаландыруға шақырды.

✅ Сондай-ақ министр ұйымдастырушыларға балаларға барлық жағдайды жасап, ілтипатпен қарауды ұсынды. Дегенмен, тиым салынған барлық заттар алынатынын да ескертті.

✅ Министр грант бұрынғыдай техникалық мамандықтарға көп бөлінгенін айтты. Дегенмен, гуманитарлық ғылымдар мен инклюзив білім беретін мамандар даярлауға да көп көңіл бөлінеді деді.

✅ Баланың білімін тест арқылы бағалаудың дұрыс-бұрыстығы туралы сынға министр былтырдан бері аттестат алу сынағы мектепте өтіп, түлектер диктант, эссе, жазып, ауызша жауап беретін айтты. Яғни, талай жылғы сұранысты осылай қанағаттандырған. Адам факторын азайту үшін жоғары оқу орнына емтихан тапсыру тест түрінде қалды.

✅ Сондай-ақ министр әкімдерге мектеп рейтингін ҰТБ нәтижесімен байланыстырмауды сұрады.

Тест нәтижесін @edugovkz_bot Telegram-бот арқылы былтырғыдай білуге болатынын естеріңізге саламыз.

Видеоның дереккөзі: https://www.facebook.com/primeminister.kz/videos/458789888280427/

-----------------------------------------------------------------------

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь