12 маусым күні Қайрат орта мектебінде "Қош бол, алтын ұя-мектебім!" атты мектеп бітіру кеші өтті. Кешке округ әкімі Е.Қ.Бітниев қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді. Оқу ісінің меңгерушісі С.Р.Исабекова 9 және 11 сынып оқушыларына аттестаттар табыстады. 9 сынып түлегі, үздік аттестат иегері Жұмабай Үмітке "IQanat" олимпиадасының 2-кезеңінің жеңімпазы екендігін растайтын сертификат табысталды.Барлығына түрлі номинациялар берілді.Мектеп түлектеріне тілегіміз: Мойытпасын қиындықтар сендерді, Батылдықпен асыңдар сан белдерді. Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.