25 мамыр күні Қайрат орта мектебінде "Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Жиында үздік және жақсы оқыған оқушыларға мақтау грамоталары табысталды. Сонымен қатар, жыл бойы түрлі олимпиада, конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алған мұғалімдер мен оқушылар марапатталды.