Мамырдың 4 күні Қайрат орта мектебінде тәлімгер Сулейменова А.Ғ. «Отбасылық сағатын» өткізді. Орта буын оқушылары мен ата- аналармен бірге «Отбасым бақыт мекені» атты сайыс өтті. Сайыс шаттық шеңберімен басталып, әр бала анасымен бірге бір- бірлеріне тілек тіледі. Сайыс төрт кезеңнен тұрды.
1) Таныстыру
2) Жақсы көретін тағамдары
3) Өнер көрсету
4) «Ана мен бала» тақырыбына сурет салу. Әр түрлі ойындар өткізілді. Әр бөлімге ата аналар өте белсеңділікпен қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ерекше ықыласпен ат салысты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау