Аудан көлемінде өткен "Мамыр жұлдыздары" атты патриоттық әндер байқауында Кішкенекөл қазақ мектеп- гимназиясының 10-сынып оқушылары Серік Роза мен Рахмет Шолпан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жеңімпаздарға арнайы Диплом мен 15000 мың көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Өнерлі қыздарымызды құттықтаймыз, алда болатын сайыстарда да сәттілік тілейміз!