4- мамыр Озерный орта мектебінде "Толағай" атты отбасылық сайыс өтті. Сайысқа Сагындыковтар, Есимовтар және Жунусовтар отбасылары қатысты.Жа рыс қорытынды бойынша Сагындыковтар отбасысы жеңіске жетті.Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.