Мемлекет басшысының бастамасымен зайырлы елімізде мемлекеттік тілді реформалау саясаты қолға алынғандығы мәлім. Ел Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің болашақта латын графикасына сөзсіз көшетіндігі туралы айтты. Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшетіндігі туралы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 26 қазаны күні №569 жарлығы шықты.
Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әрпіне көшу-қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» деген Елбасының сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет.Осыған байланысты,Қайрат орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына латын графикасының шығу тарихы туралы мәлімет берілді,бейнеролик көрсетілді. Өткізген- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бағдат Еламан Асқарұлы.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау