8 - 13 сәуір аралығында Қайрат орта мектебінде ағылшын тілі апталығы өтіп жатыр.Сонымен қатар, бұл апталық барысында ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің 455 жылдығына арналған іс-шаралар жүргізілді.Апталық барысында түрлі жұмыстар атқарылды, оқушылар Ұлыбританияға, ағылшын жазушыларына, ағылшын елінің ерекшеліктеріне байланысты коллаж жасады, "Полиглот" интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды, оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.Жауапты мұғалім-Шарипова Арайлым Ермекқызы.