Қайрат орта мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік концерт өтті. Мектеп директоры Е.С.Шарипов барша қауымды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, "Толағай"отбасылық сайысының жеңімпаздарына марапттаулар мен сыйлықтар табыстады. Оқушылар мен ұстаздар ән салып, би билеп, қазақтың "Қалжа тойы", "Құдалық", "Көрісу"сияқты ұлттық салт дәстүрлерімізді көрсетті. Келген қонақтарды дастарханға шақырып, наурыз көжеден дәм татқызды. Сонымен қатар "Ұлы даланың жеті қыры" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары қойылды. Келген қауым ризашылық білдіріп, баталарын берді. Наурызға арналған мерекелік концертіміз жақсы көңіл күймен өтті.