Қайрат орта мектебінің ішіндегі " Балапан" шағын орталығында " Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шара барысында салт - дәстүрлер көрсетілді.Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек.Мерекелік дастархан жайылды, наурыз көже ішілді. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндеріміз " Қамажай " биін орындады.Өткізген тәрбиешілер : Хамитова Жібек Сулейменқызы және Рахимжанова Асемгуль Камидоллақызы.