Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Әліппе қайтып келеді

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ақтөбеліктермен кездесуі кезінде жаңа мәлімдеме жасады. Жергілікті тұрғын министрге білім саласындағы кемшіліктерге қатысты өз ойын айтқан болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ,әліппе келесі жылы енгізіледі. Бұл туралы Ақтөбе жұртшылығымен кездесу кезінде Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді. Ата-аналар қауымы бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдады.

Айта кетейік, 2016 жылы елімізде бастау сыныптарға арналған «Әліппе» мектеп бағдарламасынан алынып тасталған  еді. Оның орнын «Сауат ашу» деп аталатын оқулықтар алмастырды. Бұл өзгеріске халықтың басым бөлігі қарсылық білдіріп, осы уақытқа дейін бұл мәселе қызу талқыланып келеді.

Жаңадан тағайындалған Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова халықтың пікірі ескерілгенін және айтқан талабын алдағы оқу жылында толық орындауға барлық мүмкіндік бар екенін айтты.

Күләш Шәмшидинова: "Әліппеге байланысты биылғы оқу жылында үлгермейміз. Келесі оқу жылында Әліппе орнына қайта келеді. Жаңа оқу жылы басталуына аз ғана уақыт қалды. Қазір басқа кітаптар басылды. Елдің есін шығармай, келесі жылы Әліппені қайтарамыз. Білімнің сапасы туралы әр мектеп білгенін жасайды деп айтып жатырсыздар. Олай емес. Мемлекетте стандарт – біреу" - деді.

"Мектепке сабақ беруге ер азаматтарды шақыру керек. Балабақшада, мектепте әйелдердің тәрбиесін алып өскен балалар қыз секілді болып барады. Үш тілділікте балаларымыздың барлығы дүбара болып кетеді. Бала 12 жасқа дейін өз тілінде тәрбие алсын, өз тілін терең меңгерсін. Білім сапасы бізде неге төмендеп кетті?! Әр мектеп әртүрлі бағдарламамен оқытып, баланың басын шырдай қылады. Үйге берген тапсырмаларды ата-ана шеше алмайтын жағдайға жеттік. Әліппе мен әдебиетті қайтару керек деп ойлаймын».- деді ақтөбелік қоғам белсендісі Көшкімбай Ахметов.

 



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь